Бұл туралы Абай облысының басты ақпарат алаңдарының бірінде жарияланды.
Белгілі спортшы, Мәжіліс депутаты Дәулет Тұрлыханов Қазақстанның халық әртісі Роза Рымбаеваға автокөлік сыйлады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Бұл туралы Абай облысының басты ақпарат алаңдарының бірінде жарияланды. Мәліметке сәйкес, Қалбатау ауылында ашық аспан астында ауқымды гала-концерт ұйымдастырылған. Мәдени кешке отандық эстраданың танымал жұлдыздары – Қазақстанның халық әртісі Роза Рымбаева, әншілер Әли Оқапов, Мәди Рымбаев, Медеу Арынбаев және Kalifarniya қатысып, көрерменге ерекше көңіл-күй сыйлаған.
Әлеуметтік желіде тараған видеодан концерт барысында Дәулет Тұрлыхановтың сахнаға шығып, Роза Рымбаеваға көлік кілтін табыстаған сәтін көруге болады. Желі қолданушылары өнер иесіне көрсетілген құрметке жылы лебіздерін білдіріп, пікір қалдыруда.