19.05.2026, 12:00

«Мұнысы несі?»: Зират басында ән салған Зарина Омарованың әрекеті көпшілікті шошытты (ВИДЕО)

Фото: видео скриншот

Мұндайды қайдан шығарған?

Танымал композитор Марат Омаровтың қызы Зарина Омарова апасының бейітінің басында ән айтып, жұртты шошытты, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Зарина Омарова таяуда басқа да өнер адамдарымен бірге әнші Сәкен Майғазиевтің шешесінің қолын алып, арнайы барып қайтыпты. 

"Шымкентке келгенде апамның басына соқпай кетпеймін. Кеше Сәкен ағамның анасының батасын алып, енді бүгін өз апама барып сағынышымды басып қайттым" деген Зарина Омарова апасының зиратында тұрып "Анашым" әнін шырқады. 

Заринаның бұл әрекетін кейбіреулер түсінбей, "зиратта ән айтқаны қалай", "Заринажан! Апаңның жаны жаннаттан болсын! Бірақ бейіт басына келіп ән айтпаған қазақ едік қой. Бұл жерде әруақтарға дұға ғана жүреді ау" десе, әншінің әкесі, "Анашым" әнінің авторы Марат Омаров: "ұран кәрім қабыл болсын .Ия Зарина қызым дұрыс айтасың әжеңнің дүниеден озғанына толық 6 жыл болыпты ,жарықтық анамыз осы жылы толық 100 ге келер еді .Жатқан жері жайлы ,жаны жаннатта болып ,Фердауси бақша төрінен Алла нәсіп етсін"деген пікір жазды.