Қандай жағдай болса да сабыр сақтап отыр.
Өнер иесі сұхбаттарының бірінде Бауыржан Момышұлының келініне қатысты ойын ашық айтып, оның айтқан сөздерінен көп нәрсе түйгенін жеткізді. Әншінің айтуынша, Зейнеп Ахметованың өмірлік тәжірибесі мен ұстанымы кез келген адамға ой салары анық, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Мақпал Жүнісова батырдың келіні болудың өзі үлкен жауапкершілік екенін атап өтті. Ол Зейнеп Ахметованың әр сөзі салмақты екенін айтып, өзіне бағытталған сыннан да сабақ алғанын жасырмады.
«Біраз нәрсе айтты, көп дүниені көңілге түйіп алдым. Ондай адамдардың жанында жүрудің өзі жауапкершілік. Кейде тіпті қорқасың. Өйткені олар әр әрекетіңе, сөзіңе мән береді», – деді әнші.
Желі қолданушылары Мақпал Жүнісованың сабырлы ұстанымына риза болып, жылы лебіздерін жаудырды. Көпшілік оның сынды дұрыс қабылдай білетінін және кез келген жағдайда байыппен жауап беруге тырысатынын ерекше атап өткен.
«Қандай жағдай болса да сабыр сақтап отыр. Мұндай мінез екінің бірінің қолынан келмейді», «Өте дұрыс айтты. Пенде болған соң қателік те болады, бастысы – оны түсініп, қорытынды шығара білу», «Мақпалдың жақсы қасиеті – кешірімділігі мен парасаттылығы. Сондықтан да халықтың ықыласына бөленіп жүр», – деп жазды желідегілер.
Оқырмандардың пікірінше, әншінің қарапайымдылығы мен үлкенге құрметі көпке үлгі. Олар Мақпал Жүнісованың эмоцияға берілмей, сабырмен жауап қатқанын жоғары бағалап отыр.