"Әкесімен жасты ғой".
Белгілі әзілкеш Қажет Смағұл әлеуметтік желідегі парақшасында көпшіліктің қызығушылығын тудырған жазба жариялады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Өнер иесі жазбасында жеке өміріне қатысты астарлы ой айтып, өзінен 25 жас кіші жанмен отбасын құрғанын меңзеді.
«Көп адам сезіп жүрген шығар… Өзімнен 25 жас кіші… Жүрегім тыныш… Көзім бақытты… Қалғанын кейін айтамын. Әзірге бәрін ашып айтпай-ақ қояйын…», – деп жазды ол.
Желі қолданушылары әзілкештің бұл жазбасын қызу талқылап, түрлі пікір білдіруде.
"Қыз бұндай қадамға баруға не түрткі болды екен", "Бақытты болыңыздар", "Қызды жоқшылық бұзады деп бекер айтпаған ау атам қазақ", "Немереңді алыпсың ғой", "Әкесімен жасты ғой", - деп жазды оқырмандар.