24.05.2026, 05:30

«Ішім күйіп бара жатыр»: Мөлдір Әуелбекова желіде мәлімдеме жасады (ВИДЕО)

Фото: видео скриншот

Шығыс шықпай, кіріс кірмейді..

Шетелде демалып жүрген әнші Мөлдір Әуелбекова басынан өткен жағымсыз жағдай туралы айтып берді. Өнер иесінің сөзінше, сапар барысында күтпеген шығынға тап болып, біраз көңілі түскен, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Алайда ол мәселенің мәні жоғалған ақшаның көлемінде емес екенін атап өтті.

Әншінің айтуынша, кез келген қаражат оңайлықпен келмейді, оның артында үлкен еңбек, уақыт пен төгілген тер тұрады. Сондықтан мұндай жағдай адамға моральдық тұрғыда ауыр тиетінін жасырмады. Соған қарамастан, Мөлдір болған оқиғаға сабырмен қарап, өзін жұбатуға тырысқан.

“Шығыс шықпай, кіріс болмайды” деген ұстанымды алға тартқан әнші өмірде мұндай сынақтардың болып тұратынын айтып, жағдайды қабылдауға тырысқанын жеткізді. Сонымен қатар ол қандай қиындық болса да, ең бастысы – амандық пен жақсы көңіл күй екенін атап өтті.