$ 477.48  555.83  6.65

«Сыртымнан былықтырып жүр»: Меруерт Өтекешова дауға пікір білдірді (ВИДЕО)

"Біреу ренжір, біреу ренжімес, бірақ бәрібір айтамын"

Фото: видеодан скриншот
Фото: видеодан скриншот

Меруерт Өтекешова «Шабыт» академиясындағы дауға қатысты пікір білдіріп, студенттерге қысым көрсетуге болмайтынын айтты, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Бұған дейін оқу орнының студенттері декан тарапынан қысым көргендерін мәлімдеп, ұстаздары Меруерт Өтекешоваға қарсы арыз жазуға мәжбүр болғандарын айтқан еді. Олардың сөзінше, «отказной» сипатындағы құжат декан Ерназар Бірімқұловтың ықпалымен жазылған.

Осы жағдайға байланысты пікір білдірген актриса студенттермен жұмыс істеу тәсіліне сын айтты.

“Біреу ренжір, біреу ренжімес, бірақ бәрібір айтамын. Студенттермен бұлай жұмыс істеуге болмайды. Оларға осылай білім беруге де болмайды. Ол жігітпен біз 4 жыл жұмыс істедік. Биыл 1 курсты қабылдап алғанда бәрін менімен ақылдаспай істеп жүр. Менімен жұмыс жасағысы келмейтін сияқты. Мен көп сөзді ұнатпайтын адаммын. Меруерт апайдан, сұрамаңдар, шаршайды, үлкен апа деген сынды әңгімелер айтылған”, – деді Меруерт Өтекешова.

Айта кетейік, аталған жағдай әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0