27.05.2026, 18:30

«Жоғарыдан келген бұйрық..»: Мөлдір Мұқан қыздарының тұрмысқа шығуы жайлы (ВИДЕО)

Коллаж: SN.kz

"Бұйырған уақытында шығады".

Танымал әнші Мөлдір Мұқан қыздарын тұрмысқа беру жайлы ойымен бөлісті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Айтуынша, тағдыры солай болса, еш қарсылығы жоқ. 

"Бұйырған уақытында шығады. Жоғарыдан келген бұйрыққа қарсы шыға алмаймыз. Мен тұрмысқа шыққанда қандай көңіл-күйде боласың дегенде мен көз алдыма елестетіп, орнымнан тұрып кеттім. Сосын жылап жібердім. Тағы жылайын деп тұрмын. Біреудің қызы кеткенде байқамаймыз. Ал өзіңнің қызың кеткенің ойлағанда көхге еріксіз жас келеді. Оңай емес. Ана жүрегіне ауыр екен ондай нәрсе. Саналы түрде түсінеміз бірақ жүрек қимайды", - деді ол.