28.05.2026, 03:30

«Арақашықтыққа шыдамай»: Танымал тележүргізуші жеке өміріне қатысты шындықты айтты (ВИДЕО)

Коллаж: sn.kz

Желіде жұптың араға уақыт салып, ақ некесін дүркіретіп тойламақ екені қызу талқыланып жатыр.

«Қалаулым» бағдарламасының жүргізушісі Диана Скатова сүйіктісі Сұлтан Нұрбековпен арадағы сезім сынақтарынан өткенін айтып, көпшілікпен қуанышты жаңалығын бөлісті. Желі қолданушылары олардың қарым-қатынасына тәнті болып, жас жұпқа ақ тілектерін жаудырған, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

«Статистикаға сүйенсек, 90% жұптар арақашықтыққа шыдамай, екі жаққа кетеді екен. Себебі арақашықтық тек сезімді емес, сабырды, сенімді, адамды сынайды. Біз де мінсіз болмадық. Талай қиын сәттер, қараңғы тұстарымыздың күресі бәрі болды. Міне, енді кинодағыдай happy end-ке жеттік. Шүкір. Дәл қазір арақашықтықта жүрсеңіз, үмітіңіз үзілмесін! Өйткені қауышудың қуанышы мен бақыты барлығын ұмыттырады», – деп жазды Диана Скатова.

Сондай-ақ, жарияланған видеодан Диана Скатова мен Сұлтан Нұрбековтің үлкен тойға дайындалып жатқанын аңғаруға болады. Желіде жұптың араға уақыт салып, ақ некесін дүркіретіп тойламақ екені қызу талқыланып жатыр.