28.05.2026, 01:30

«Мені іздейтін ешкім жоқ»: Дана Нұржігіт жақынын жоқтап, жазба жариялады (ВИДЕО)

Фото: dana_nurzhigit парақшасынан

"Анамның отбасындағы 9 баланың екеуі ғана қасымда".

Тележүргізуші Дана Нұржігіт әлеуметтік желідегі парақшасында Құрбан айт қарсаңында ауыр қазаға тап болғанын айтып, оқырмандарына әсерлі жазба арнады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Журналист жазбасының алғашқы бөлігінде:

«Айттан Айтқа жете берейік!» Иә, бұл күнге жеткен де бар, жетпеген де бар… Кеше ғана мен нағашы ауылдағы көкемнен айрылып, жеңгеме көңіл айтып шықтым. Енді ол үйде атам да, атамның көзі болған кенже ұлы – қара шаңырақ иесі, менің балалық шағымның куәсі Хасан көкем де жоқ. Атамнан қалған бақ қураған, ауыл қаңырап бос қалғандай көрінді… мен іздейтін, мені іздейтін ешкім жоқ болып көрінді», – деп жазды.

Сондай-ақ ол өмірдің өткіншілігі туралы ой қозғап:

«Анамның отбасындағы 9 баланың екеуі ғана қасымда. Анам мен жалғыз бауыры Асан. Ермахан атамның 9 баласы түгел жиналғанда бір қауым ел едік қой дейсің! Міне, ӨМІР-КӨШ екенін осыдан-ақ көр! Бәріміз де мәңгі емеспіз! Тірімізде сыйласайық! Дұға-тілекке қосып, ниеттес болып отырғанымыздың өзі олжа! Құрбан айт қабыл болсын, инста-бауырларым! Бар болыңыздар!», – деді.