$ 477.48  555.83  6.65

«Әйеліне обал ғой»: Танымал әзілкеш сегізінші баласын күтіп жүргенін айтты (ВИДЕО)

Желіде тараған видео аз уақыт ішінде жүз мыңдаған қаралым жинап үлгерді.

Коллаж: sn.kz
Коллаж: sn.kz

Танымал әзілкеш әрі блогер Ғалым Махамбет жұбайының сегізінші сәбиіне аяғы ауыр екенін жариялады, деп хабарлайды Sn.kz  ақпарат порталы.

Отбасы гендер-пати форматындағы видеоны әлеуметтік желіге жүктеп, көпшіліктің қызу талқысына түсті. Видеода ерлі-зайыптылар балаларымен бірге болашақ сәбидің УДЗ суретін көрсеткен. Желі қолданушылары бұл жаңалыққа түрлі пікір білдірді. Кейбір оқырмандар көпбалалы отбасыға таңданысын жасыра алмады.

Пікірлер арасында: «Ма, организмді де ойлау керек шығар, әйеліңізге обал ғой, демалдырмай не болды сонша», «Масқара, сонша бала туа беріп денсаулықты ойламай ма екен», «Балалар шаршадым деп жатыр, бір-бірінен-ақ шаршайтын ғой», – деген сыни пікірлер жазылған.

Ал енді бірі әзіл мен жылы лебізін арнаған. Олардың қатарында: «Рас болса, Алла ғұмырымен берсін», «Әсияға Аллам мықты денсаулық берсін», «Мен бала бақпаймын, өзі бала әлі», «Расул мен Дарын бөлек шығады-ау», – деген комментарийлер бар.

Тіпті әнші Гүлнар Мұрадимова да жазба астына күліп тұрған эмодзи қалдырып, «Жандарым» деп пікір білдірген. Желіде тараған видео аз уақыт ішінде жүз мыңдаған қаралым жинап үлгерді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0