Өнер иесі бұл күннің өзі үшін ұмытылмас сәт болғанын айтып, әсерлі жазба жариялаған.
Қазақстанның халық әртісі Роза Рымбаевамен бір сахнада ән шырқаған Маржан Арапбаева ерекше әсерімен бөлісті, деп жазады желідегі парақшасына сілтеме жасаған Sn.kz ақпарат порталы. Өнер иесі бұл күннің өзі үшін ұмытылмас сәт болғанын айтып, әсерлі жазба жариялаған.
«Бүгін мен үшін ерекше бақытты күн! Ұлы Роза Рымбаевамен бір сахнада ән айту — менің орындалған арманым. Бұл сәт менің жүрегімде мәңгі сақталады. Сыйлаған сыйлығыңызды өзіңізден қалған естелік ретінде сақтаймын. Ал айтқан жылы сөздеріңіз мені алдағы уақытта шабыттандырып, қанаттандыратын болады!» — деп жазды Маржан Арапбаева.