28.05.2026, 14:40

«Өзімді артта қалып қойғандай сезіндім»: Көптен көрінбей кеткен Бақыт Шадаева ел алдына шықты (ВИДЕО)

Мен өнерге келгелі төртінші рет өзгерісті көріп отырмын.

Әнші Бақыт Шадаева үзілістен кейін сахнаға қайта оралғанын айтты. Ол «1001» түн бағдарламасына берген сұхбатында қазіргі қазақ эстрадасының дамып кеткенін тілге тиек етті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

«Мен өнерге келгелі төртінші рет өзгерісті көріп отырмын. Ең алғаш өнерге келгенімде Кеңес заманы еді. Одан соң Тәуелсіздік жылдарына аяқ бастық. Ол да бір өзгеріс болды. 2000 жылдары, яғни дамыған Қазақстанды көрдік. Жастар шығып, өнер өркендей бастады. Содан кейін мен біраз үзіліс алдым. Қазір қарасам, сахна тіптен дамып кеткен, фантастика десем артық емес шығар. Алысқа кетіп қалған. Мен қалып қойдым деп қорқып кеттім. Өзімді қалып қойғандай сезіндім, дегенмен ілесуге тырысып жатырмын», — дейді өнер иесі.

Сондай-ақ, ол жаңа әндер жазып жатқанын да айтты.

«Ауыл-аймақты байқап, біраз тұрып та көрдім. Содан шабыт алып, біраз әндер жазып бастадым. Ақпан айынан бастап үлкен альбом жазып жатырмын. Қазіргі таңда толығымен он ән жазылды. Алға үлкен жоспарлар қойдым. Елді гастрольдік сапармен аралаймын. Соған дайындық жүріп жатыр», — дейді Бақыт Шадаева.