$ 485.55  563.38  6.81

«Төрт ұлынан кейін...»: Үшінші рет үйленген Әбілмансұр Серіков қызды болды (ФОТО)

“Көптен күткен кездесу”. 

Коллаж: SN.kz
Коллаж: SN.kz

Танымал қазақстандық актер Әбілмансұр Серіков әке атанғанын жариялады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Өнер иесі әлеуметтік желідегі парақшасында жары мен жаңа туған қызын перзентханадан шығарып алу сәтінен видео жариялап, қуанышты жаңалығымен бөлісті.

“Көптен күткен кездесу”, – деп жазды актер.

Алайда желі қолданушылары бұл оқиғаның жақында емес, бұған дейін болғанын айтып, түрлі пікір қалдырды.

Кейбірі ерлі-зайыптыларды сәбилерімен бұрыннан көргендерін жазған.

“Бұрын босанғаны рас екен”, “Кеше ғана гендер-пати жасаған еді”, “Бәрі өте жылдам болып кеткен” – деген пікірлер желіде тарады.

Айта кетейік, жас жұбайлар 2 мамыр күні болашақ сәбидің жынысын анықтау рәсімін өткізген болатын. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0