29.05.2026, 12:40

«Әйелді тыңдай білу керек»: Төреғалидің күйеу баласы ажырасу туралы айтты (ВИДЕО)

Коллаж: sn.kz

Әйел адам көбіне ренжиді, айтады. Оны тыңдай білу керек

Төреғали Төреәлінің күйеу баласы Дархан Нортаев ажырасуға қатысты ойын айтты, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Бұл туралы ол өзінің сұхбатында мәлімедеді. 

"Қазақстанда ажырасу өте көп. Оған әртүрлі себеп болу мүмкін. Асығыс шешім қабылдап, жауапкершілікті сезінбеу бар. Көбіне ер адамдарға байланысты. Екі адам ажыраспаймын десе, ажыраспайды. Әйел адам көбіне ренжиді, айтады. Оны тыңдай білу керек", - деді ол. 

Осы тұста желі қолданушылары түрлі пікір білдірді. Бірі Төреғалидің қарындасы Фариза мен спортшының ажырасып кеткенін жазса, енді бірі арзан хайп екенін жазуда.