$ 485.95  565.74  6.83

«Тарихи сәт»: Желіде Мақпал Жүнісованың Шәмші Қалдаяқовтың алдында ән айтқан видеосы тарады

Желі қолданушылары жас Мақпал Жүнісованың табиғи дауысын, сахнадағы әсем бейнесін және ұлттық болмысын жоғары бағалап, жылы пікірлерін білдіруде.

Коллаж: sn.kz
Коллаж: sn.kz

Әлеуметтік желіде қазақ музыкасының аңызы Шәмші Қалдаяқов қатысқан шығармашылық кештен архивтік бейне тарады. 1990 жылы өткен кештің видеосы Threads платформасында жарияланған, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Бейнежазбада қазақ эстрадасының танымал әншісі Мақпал Жүнісова сахнада «Сен сұлу» әнін орындап жатыр. Ал көрермендер арасында әннің авторы, сазгер Шәмші Қалдаяқовтың өзі отырғанын байқауға болады.

Желі қолданушылары жас Мақпал Жүнісованың табиғи дауысын, сахнадағы әсем бейнесін және ұлттық болмысын жоғары бағалап, жылы пікірлерін білдіруде.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0