31.05.2026, 03:30

«Баянда да бет жоқ»: блогер Мөлдір Әуелбекованы келеке қылғандарды сынап тастады (ВИДЕО)

Коллаж: sn.kz

Осыдан кейін блогер Қанат Майлыбай жоғарыдағылардың бұл әрекетін сынап тастады. 

Сұлулық салонының иесі Нұрлан Әлімходжаев желідегі парақшасында әнші Мөлдір Әуелбекованы мазақ қылды. Ол Кешьюдің концертіне Баян Мақсатқызына "Ұстазым. Мөлдір, жыныма тиме"деген жазумен жиде сыйлаған, деп жазады Sn.kz ақпарат порталы.

"Нағыз өнер иесі – эго туралы емес. Өз-өзіңмен бітпейтін ішкі күрес туралы емес.

Өмір бойы созылатын өкпе-ренішті жұртқа жария ету туралы емес. Нағыз өнер иесі – өз көрерменін құрметтеу туралы, - деп жазды ол

Осыдан кейін блогер Қанат Майлыбай жоғарыдағылардың бұл әрекетін сынап тастады

"Мына бет бояйтын өзіне хайп жинап жатыр. Өйткен хайптарың құрсын. Мөлдір қара домбыраны арқалапп, өз күнін өзі көріп жүрген жалғызбасты ана. Бір шалынды, айтарын айтты. Бұлай қоймайды ғой енді. Баянда бет жоқ, ол да күліп тұр. Баян, енді сенікі ұяттау. Концертің өтті, алғысыңды алдың. Олай жерлей берудің қажеті жоқ. Қатын сияқты қасындағы жігітке жүрегім айниды", - деді блогер.