Бұл туралы әншінің келіні Ақерке Бүркітбай әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
Әнші Роза Рымбаеваның немересі Зейін концерт кезінде сахнаға шығып, көрермендердің ықыласына бөленді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Бұл туралы әншінің келіні Ақерке Бүркітбай әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
«Бүгінгі тосын сыйымыз. Шынымды айтсам, Зейін сахнада осылай өнер көрсетеді деп күтпедік. Арнайы дайындық та болған жоқ. Бірақ сахнаға шыққанда күнде мыңдаған халықтың алдына шығып жүргендей өзін еркін ұстады», – деп жазды ол.
Ақерке Бүркітбайдың айтуынша, бұл отбасы үшін үлкен қуаныш пен мақтаныш болған.
«Біз үшін бұл үлкен қуаныш пен мақтаныш. Алғашқы кішкентай қадамдарың үлкен жетістіктерге бастасын, ботам!» – деп ақ тілегін жеткізді ол.