31.05.2026, 16:30

«Еркешпен ажырасқан соң үйлендік»: Жанель Серғазина ел сынына жауап берді (ВИДЕО)

Коллаж: SN.kz

Бұл туралы ол «Momsкий әңгіме» бағдарламасына берген сұхбатында айтты.

Танымал актриса Жанель Серғазина әнші Еркеш Хасенмен қарым-қатынасына қатысты көпшіліктің көкейінде жүрген сауалдарға жауап берді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Бұл туралы ол «Momsкий әңгіме» бағдарламасына берген сұхбатында айтты.

Актрисаның айтуынша, Еркеш Хасен екеуінің жас айырмашылығы – 8 жас. Ерлі-зайыптылар 2024 жылы үйленген. Қазір олардың Іңкәр есімді бір жастағы қыздары бар.

«Еркеш «мен ажырастым, басым бос адаммын» деді. Басы бос адам қайта өмір құра алады, үйленеді. Ол адамның жеке құқығы ғой. Мені туысқандарымен таныстырды. Сол кісілер де ажырасқанын нақтылап айтты. Содан кейін емір-еркін жүре бердім. Көңілі қатты ғашық болғаннан кейін бас қосуға бел будық. Мен басы бос адамға тұрмысқа шықтым. Одан жаман нәрсе көріп тұрған жоқпын. Үйленген, баласы бар адамның отбасына кіріп, ажыратып жіберді деген өтірік нәрсе. Үшінші адамдардың жеке өмірге кіруі, өсектеуі мәдениеттің төмендігі деп білемін», – деді актриса.

Жанель Серғазина өз сөзінде жұрт арасында тарап жүрген түрлі қауесеттерге де тоқталып, олардың шындыққа жанаспайтынын жеткізді.

Алайда актрисаның бұл мәлімдемесі әлеуметтік желі қолданушылары арасында қызу талқыға түсті. Көпшілік оның әрекетін құптамайтынын білдіріп, сын-пікірлерін жаудырды.

«Өзі ұялмайды ғой», «Қай жеріне қызыққан?», «Еркештен мұндай күтпедік», «Өзін сүттен ақ, судан таза етіп отыр ғой», «Масқара», – деп жазды желі қолданушылары.