Ұлытау жұртшылығы өнер иесіне қазақы дәстүрмен құрмет көрсетіп, ат мінгізді.
Ұлытау облысының тұрғындары қазақ киносының аңыз актрисасы, Қазақстанның Халық әртісі Меруерт Өтекешоваға ерекше құрмет көрсетті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Жаңаарқа ауданында республикалық «Арқа аруы» байқауы ұйымдастырылды. Мәдени шараны депутат Аманжол Әлтай өмірден өткен жары Ақмарал Әлтайдың рухына арнаған.
Іс-шараға Жаңаарқа өңірінен шыққан бірқатар танымал азаматтар қатысты. Олардың қатарында Қанат және Света Айтбаевтар, тележүргізуші Динара Сәтжан да болды.
Байқауға арнайы құрметті қонақ ретінде «Қыз Жібек» фильміндегі рөлі арқылы халықтың сүйіспеншілігіне бөленген Қазақстанның Халық әртісі Меруерт Өтекешова шақырылған.
Ұлытау жұртшылығы өнер иесіне қазақы дәстүрмен құрмет көрсетіп, ат мінгізді. Көпшілік бұл сый-құрметті қазақ өнерінің көрнекті өкіліне көрсетілген лайықты ілтипат ретінде бағалады.