01.06.2026, 03:30

Жанар, Кәмшат, Айдана бір сахнада: КешYOU-дың алтын құрамы елді тәнті етті (ВИДЕО)

Фото: Видеодан алынған кадр

Концерттен түсірілген фото және видеолар Instagram мен Threads желілерінде кеңінен тарап, көпшіліктің ерекше ықыласына бөленді.

КешYOU тобының «алтын құрамы» қайта сахнаға шығып, әлеуметтік желілерде қызу талқыға түсті. Топтың 20 жылдық мерейтойына арналған Алматыдағы концертте әншілер Жанар Дұғалова, Камшат Жолдыбаева және Айдана Меденова бір кешке қайта бас қосты, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Концерттен түсірілген фото және видеолар Instagram мен Threads желілерінде кеңінен тарап, көпшіліктің ерекше ықыласына бөленді. Желі қолданушылары бұл кездесуді күтпеген тосынсый деп бағалап, КешYOU-дың ең жарқын кезеңін еске алғандарын жазуда.

Threads желісіндегі пікірлердің бірінде: «Алтын құрамның сахнаға шығуы стадионды дүр сілкіндірді. Ең әсерлі сәт бірнеше секундтан кейін болды. Көрермен үнсіз қалды. Сол сәтте-ақ ешқандай сөзсіз бәрі түсінікті еді – патшайымдар өз тағына қайта оралды», – деп жазған.

Көпшілік өнерсүйер қауым КешYOU-дың аңызға айналған құрамын қайта көруге қуанышты екенін айтып, олардың бірлескен өнер көрсетуі концерттің ең әсерлі сәтіне айналғанын атап өтті.