01.06.2026, 11:40

«Бұл шешім оңай берілмеді»: Мөлдір Әуелбекова көпшілікке үндеу жасады

Фото: видео скриншот

Бұл шешімнің артында тәуекел де, толғаныс та болды, шешім оңай берілмеді.

Тұтас қазақ қоғамы шулап, буллинг жасап жатыр деп, жан жақтан бірі қолдап, бірі даттап жатқан әнші Мөлдір Әуелбекова желідегі парақшасында жазба жариялап, қазіргі жағдайы туралы баяндады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

"Осы жылғы гастрольдік сапарымнан бір үзік ой. Жеті жылдық үзілістен кейін (3 жыл карантин, 4 жыл декрет) қайтадан өңірлерді аралап, халықпен жүздесуге бел будым.

Бұл шешімнің артында тәуекел де, толғаныс та болды, шешім оңай берілмеді.  

Осыдан 15 жыл бұрын гастрольге шығып жүргенде техникалық мүмкіндіктердің тапшылығын жиі сезінетінбіз. Сапалы дыбыс аппаратурасы сирек, заманауи әрі көрікті мәдениет сарайлары аз болатын. Бүгінде жағдай мүлде өзгерген. Қай қалаға барсаң да барлық жағдай жасалған: жеке гримерлік бөлмелер, кәсіби техникалық жабдықтар, көрермендерге арналған жайлы кіреберістер мен ыңғайлы орындықтар бар.  

Қысқасы, уақытпен бірге өңірлер де өзгерген. Бүгінде мәдениет ошақтарының деңгейі жоғары, көрерменнің талғамы өскен.

Концерттің, әншінің қарасы көп, бәрі халыққа сүйікті. Мұның бәрі қуантады, шабыттандырады ғой",деп жазды Мөлдір Әуелбекова.