"Осы кісінің жолын берсін".
Қытайдан келген танымал кәсіпкер әрі блогер Ерсай Мақпал Жүнісоваға арнайы алған сыйлығын тарту етті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Ол өнер иесін жақында алған маоапатымен құттықтады.
"Қытайдың қазақтары да сізді өте қатты жақсы көреміз. Мақпал апамды құттықтағым келеді. Жақында ғана Президенттің қолынан медаль алды. Осы кісінің жолын берсін. Осы кісі сияқты біз де қазақ халқына еңбек сіңіріп, Президенттің қолынан медаль алғымыз келеді. Осы апамыздың жақсы істері жұғысты болсын деп алтыннан жүзік!", - деді ол.
Желі қолданушылары бұл жылы сәтке риза болып, пікір қалдырды.
"Құтты болсын. Қандай сый болса да лайық", "Жарайсыз", "Қазақтар таға алмаған алтынды қытайдан келген қазақ тақты", "Ерсайға Мақпал апаның жолын берсін", "Керемет, жұғысты болсын", - деп жазды оқырмандар.