02.06.2026, 05:30

«Қарыздармын, қалқам»: Нұрғали Нүсіпжанов Гүлнұр Оразымбетованың күйеуіне ерекше құрмет көрсетті

Фото: democrat.kz

Менің ұлы мәртебелі өнер дейтін өлкеде жүргеніме 70-жыл…

Әнші Нұрғали Нүсіпжанов жаңа жазба жариялап, халықтың ықыласына бөлінді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

«ТУҒАН КҮНДЕГІ ТОЛҒАНЫС… Менің ұлы мәртебелі өнер дейтін өлкеде жүргеніме 70-жыл… Ізет-ілтипаты бөлек іні досым ғұлама-ғалым Секеңнің,Серікбай Нұрғисаевтың дүние есігін ашқанына 70-жыл…

Екеумізде де юбелей,екеумізде де мерейтойлық жыл… Біздің бір-бірімізге деген сый, құрметіміз жан-дүниемізде,бір-бірімізді үнсіз ұға білетін ұрпақпыз… Әрине,Секеңмен арада достығымыздан бөлек,Ағалығым да бар… Өтпеймін деген өткелден өткізіп, төзбеймін деген дүниеге төздіретін тағдырдың соқтықпалы-соқпағы маған жақсы таныс…

Басыма қабат-қабат бұлт төнгенде,от ішінде-өрт ішінде күйгенімде тырс етіп үндемесемде мені қас-қабағымнан түсінген азаматтығыңа қарыздармын, Қалқам… Қуана алмай қалғанымда құламасам,жұбана алмай қалғанымда жыламасам сендердің ізгі ниет,тілектеріңнің арқасы,Айналайын…

Өмірде ешкім бір-біріне бекерден бекер жолықпайды… Сый,құрмет асылы атақпен де, абыроймен де өлшенбейді… Таланты мен табандылығы қатар жүретін пенде баласының қай-қайсында да көкірек деген бар. Төмен ұстасаң-қасиет, Жоғары ұстасаң-қасірет.

Ал мен сенің кішілігің мен кісілігіңнен айналдым,алтын БАУЫРЫМ… Ағарып атқан әр таңға-шүкір Қызарып батқан әр күнге-шүкір,-дейтін қанағатшылдығымыз шығар басымызды біріктірген… Сен мені көлеңкеңмен қорғап жүретін жанашырымсың, Жарығым!

Ләйім,Жамбыл-Жәкемнің жасына жет,Інішегім… Өмірдің ыстық-суығында жанымнан табылған жақсы адамым,жақын бауырым Секе-Гүлнұржан,Көкелерім тойларың тойға ұлассын! Қос құлындарыңның қызық-қуанышы көп болсын,алдымызда асқар тауымыз бар,-деп арқа сүйегендеріңе Алла разы болсын, Айналайындар!!!» - деп жазды ол парақшасында.