02.06.2026, 01:30

«Бала бауыр етің»: Актер Рүстем Жаныамановтың отбасы қара жамылды (ВИДЕО)

Фото: видео скриншот

Өте өкінішті…

Халықтың сүйікті жұбы Рүстем және Жанаргүл Жаныамановтар тұңғыш ұлы Нұрмұхаметтен айырылып қалды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Қаралы хабарды продюсер Гүлнұр Мамасарипова өзінің инстаграм парақшасында естіртті.

Сондай-ақ, бұл туралы журналист Анна Данченко желідегі парақшасында жазды.

"Бұл видео - мен екі жыл бұрын түсірген бағдарламадан алынған үзінді.

Жақынырақ танысып, тілдескен соң бұл жұпқа құрметім артты.

Қайғырып көңіл айтамын… Бекем болыңыздар!", деп жазды журналист.