02.06.2026, 16:40

«Баладан кейін салбырап кетті»: әнші Бүркіттің қарындасы сұлулық үшін пышаққа түсті (ВИДЕО)

Фото: видеодан скрин

Әсел Асқардың өнердегі құрбылары мен оқырмандары актрисаға не болғанын білмей дал болды. 

Танымал әнші Бүркіттің қарындасы, актриса Әсел Асқар оқырмандарын алаңдатып қойды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Актриса өзінің ауруханада дірілдеп жатқан видеосын бөліскен. 

"Барлығы артта қалды", - деп жазған ол жазбасының астына. 

Әсел Асқардың өнердегі құрбылары мен оқырмандары актрисаға не болғанын білмей дал болды. 

"Не болып қалды, Әсел?", "Тыныштық па өзі", "Не істедің?", "Тезірек сауығып кет", "Алла күш-қуат берсін", деген сынды екі мыңға жуық пікір жазылған. 

Артынша актриса Әсел Асқар пластикалық ота арқылы бала емізгеннен кейін қалпын жоғалтқан кеудесін жасатқанын мойындады.