03.06.2026, 05:30

«Алла берді, өзі алды»: Бадықованың бұрынғы күйеуі танымал актерлерге көңіл айтты

Коллаж: sn.kz

Сондай-ақ ол марқұм балапанның жәннаттан орын табуын тілеп, ата-анасына сабыр сұрады.

Актриса Дариға Бадықованың бұрынғы күйеуі, актер Дархан Мұсаев әріптестері Рүстем Жаныаманов пен Жанаргүл Құлжановаға көңіл айтып, әлеуметтік желіде жазба жариялады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Бұған дейін актерлердің тұңғыш ұлының қайтыс болғаны туралы ақпарат тараған еді. Дархан Мұсаев Instagram-парақшасында:

«Тас түскен жеріне ауыр тиеді… Рүстем, Жанаргүл, қайғыларыңызға ортақпын. Алла берді, өзі алды. Айту жеңіл болғанымен, қабылдау өте ауыр. Бірақ Раббымыздың жазуына разы болып, сабыр етуден артық шара жоқ», – деп жазды.

Сондай-ақ ол марқұм балапанның жәннаттан орын табуын тілеп, ата-анасына сабыр сұрады.

«Алла Тағала періште балапанның дәрежесін жоғары етіп, оны жәннаттың гүлдерінің бірінен қылсын. Артында қалған ата-анасына, бауырлары мен жақындарына көркем сабыр, жүректеріне тыныштық пен жұбаныш берсін. Қайғыларыңызды бөлісіп, дұғамыздамыз», – деді актер.

Айта кетейік, соңғы күндері өнер адамдары мен желі қолданушылары Рүстем Жаныаманов пен Жанаргүл Құлжанованың отбасына көңіл айтып, қолдау білдіруде.