03.06.2026, 09:40

«Алданып қалдым»: Танымал блогер жаман жолға қалай түскені жайлы айтты

Фото: видеодан скриншот

"Қаншама қыз бар асылып, шыдамай кеткен".

Блогер Жұлдыз Жауынбаева әлеуметтік желідегі парақшасында өткен өміріндегі қиын кезеңдерді еске алып, өзіне бағытталған сынға жауап берді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

«Мені мазақтай беріңіздер Орика деп. 2018-де гречкамен жуаны қуырып жеп, далада обшагасыз қалғанда, жұмыс іздеп, үйдегілерден ақша сұрағанда жерден алып жерге салған, сонда адамдарға алданып, вебкамда отырып, содан шыға алмай шантаж жасап, ұрып таяқ жеп, ол туралы дос қызыма айтып, ол таратып, әлі күнге дейін сол бір вебкам деген таяқты жеп келе жатырмын. Ол туралы бір интервьюда айтпағанмын», – деп жазды блогер.

Жауынбаева мұндай жағдайға өзі секілді көптеген қыздардың тап болғанын айтып, оларға қолдау білдіргісі келетінін жеткізді.

«Бірақ мен сияқты қолдаусыз қалған қаншама қазақ қыздары бар. Әлі күнге дейін шантажбен өмір сүріп, барлық тапқан-таянғанын сондай сүмелектерге беріп отырған. Қаншама қыз бар асылып, шыдамай кеткен. Мен бір сол қыздарға үміт оты болғым келеді. Яғни бәрі сеннен алшақтап, сені арсыз сүмелек десе де, у вас есть шанс жить для себя. Сынба маған қара», – деді ол.

Сондай-ақ блогер адамдарды біреуді сынамас бұрын оның өмір жолына үңілуге шақырып, әр адамның тағдыры әртүрлі болатынын атап өтті.

«Оқиғаның мән-жайына жетпей, сынауға бес еркек қауым сіздерге айтарым бәріміз бұл өмірге сыналуға келдік. Бәріміздің арманымыз ұрпақ қалдырып, жеткізу. Кім кепіл сіздің балаңыз мен сияқты кибербуллингқа немесе алаяқтардың қолына ұсталмауына? Бір Құдай біледі иә? Онда сәттілік», – деп түйіндеді Жұлдыз Жауынбаева.