03.06.2026, 16:20

«6 айлық баламды анама қалдырдым»: Айгүл Иманбаева басына түскен ауыр сынағы туралы

Фото: Instagram/aigul_imanbayeva

Өнер иесінің айтуынша, дәл сол қиын кезеңдер оған өмірдің шынайы бағасын түсіндірген.

Актриса Айгүл Иманбаева 22 жасында өміріндегі ең ауыр кезеңдердің бірін бастан өткергенін айтты. Өнер иесінің сөзінше, алғашқы ажырасуы оның тағдырын түбегейлі өзгерткен, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Айгүл Иманбаева университетті тәмамдағаннан кейін күйеуінен ажырасып, қолындағы алты-жеті айлық сәбиімен анасының үйіне оралғанын еске алды.

«Еркелеп өскен Айгүл аяқ астынан жоқшылық көрді. Баламды ауылда анама қалдырып, өзім Алматыға келіп, төрт-бес жерде қатар жұмыс істедім. Ауылдағы сөз бен намыс мені алға жетеледі», – деді актриса.

Өнер иесінің айтуынша, дәл сол қиын кезеңдер оған өмірдің шынайы бағасын түсіндірген.

«Адаспаймын деп жүріп адастым, бірақ сол арқылы өз жолымды таптым. Аштық пен тоқтықтың, баршылық пен жоқшылықтың қадірін сол кезде ұқтым», – деді Айгүл Иманбаева.