$ 489.31  568.33  6.63

«Белден төмен істемей қалған»: «Өнер қырандарының» актері төсек тартып қалды (ВИДЕО)

"Тұра алмай жатыр".

Фото: видеодан скриншот
Фото: видеодан скриншот

"Өнер қырандары" әзіл-сықақ театрының директоры Мадияр Серікбаев актер Меліс Наурызбековтың төсек тартып жатып қалғанын мәлімдеді, деп хабарлайды  Sn.kz ақпарат порталы. 

Айтуынша белі сыр беріп, ота жасатқан. 

"Меліс денсаулығына байланысты жатып қалды. Гастрольдің алдында операция жасаған. Негізі 6 ай жат, тұрма деген. Амал жоқ концертке шығып кетті. Талдықорғанға әрең барып келгенде 1 рет емдетті. Тағы да тұра алмай қалған. Концертке ауруды басатын дәрі егіп шықты. Белден төмен қарай істемей қалып жатыр аяғы. Тұра алмай жатыр. Алла шипасын берсін. Дұғада болыңыздар", - деді ол. 

Оқырмандар актердің тезірек жазылуын тіледі. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0