04.06.2026, 22:30

Димаштың словакиялық жанкүйерлері мұқтаж жандарға 2000 еуро аударды

Фото: dimashnews.com

Аталған бастама қазақстандық өнерпаздың 32 жасқа толуына орай өткізілді.

Димаштың словакиялық жанкүйерлері мұқтаж жандарға көмектесу үшін 2000 еуро аударды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Аталған бастама қазақстандық өнерпаздың 32 жасқа толуына орай өткізілді. Жиналған қаражат мұқтаж тұрғындарға атаулы түрде табысталып, олардың қаржылық қиындықтарын жеңілдету және әлеуметтік қолдау көрсету үшін берілді.

Өткізілген қайырымдылық шарасы туралы Словакиядан келген жанкүйер Елена Хавердова мәлімдеді. Оның айтуынша, қайырымдылық жобасының идеясы фан-клуб мүшелері арасында кең қолдау тапқан. Ал өзгелерге көмек көрсету мүмкіндігі – бастаманың басты нәтижесі болған.

«Мен тек Димаштың жанкүйері ғана емес, сонымен қатар әлеуметтік қызметкермін. Мүмкіндігінше адамдарға көмектескім келеді. Сондықтан бұл идея маған ерекше ұнады», – деп атап өтті ол.