Бала кезінде отбасы әрдайым берік болып, адамдар бір-бірінен ешқашан ажырамайды деп ойлаған.
Қазақстандық танымал әнші Ақбота Керімбекова бала кездегі армандары мен өмірге деген көзқарасы туралы ашық әңгімелеп, өткен күндерін еске алды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Өнер иесінің айтуынша, бала кезінде отбасы әрдайым берік болып, адамдар бір-бірінен ешқашан ажырамайды деп ойлаған. Сондай-ақ өзінің де некесі мәңгілік болып, отбасы өмірі балалық қиялындағыдай жалғасатынына сенгенін жасырмады.
Ақбота Керімбекова уақыт өте келе өмірдің әрдайым адам ойлағандай бола бермейтінін түсінгенін айтып, жан сырын көпшілікпен бөлісті. Оның шынайы әрі жүрекке жақын сөздері әлеуметтік желі қолданушыларының назарын аударып, қызу талқыланып жатыр.
Өнер иесінің ағынан жарылған әңгімесі көптеген оқырманның көңілін толқытып, желіде түрлі пікірлер жазылуда. Көпшілік әншінің шынайылығын жоғары бағалап, оған қолдау білдіріп жатыр. Кейбір желі қолданушылары оның сөздерінен өз өмірлерін көргенін айтып, отбасы мен өмір туралы ойларын ортаға салды.