$ 485.34  564.45  6.53

Димаш Құдайберген алғаш рет сахнадан тыс өмірін деректі фильмде көрсетпек

“Бұрын сахнадан тыс сәттерді көрсетуді ұнатпайтын едім". 

Фото: Егемен Қазақстан
Фото: Егемен Қазақстан

Танымал әнші Димаш Құдайберген Нью-Йорктегі әйгілі Madison Square Garden аренасында өткен концерт алдындағы сахнадан тыс сәттерін деректі фильм ретінде көрермен назарына ұсынғалы отыр, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

“Бұрын сахнадан тыс сәттерді көрсетуді ұнатпайтын едім. Бірақ ол концерт белгілі бір деңгейде берілген есеп сияқты. Ертең тизері шығады. Күтіңіздер”, – дейді әнші.

Димаштың АҚШ-тағы концерті былтыр қазанда өткен еді. Майкл Джексон, Уитни Хьюстон, Селин Дион, Андреа Бочелли сынды аңызға айналған жұлдыздар өнер көрсеткен әйгілі аренада Димаш “Stranger” атты жеке концертін өткізген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0