05.06.2026, 10:40

«Екі пәтерімді саттым»: Байырбекова баласының қарызға белшесінен батқанын айтты (ВИДЕО)

Фото: good_zhan парақшасынан

Анасының сөзінше, баласының қаржылық талапшылдығының болмауы осындай жағдайға алып келген.

Әнші Жазира Байырбекованың сіңілісі Ләззат Байырбекова отбасында болған қиын жағдай туралы айтып берді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Оның айтуынша, блогер ұлы Тәуіржанның қомақты қарызға батқаны көпшілік үшін күтпеген жағдай болған.

"Менің балам Тәуіржанның қарызға батып кеткеніне көбі сенбейді екен. Тіпті таныстарымыз да, жақындарымыз да сценарий, охват деп ойлайтын болып шықты. Бірақ ол шын мәнінде рас нәрсе. Пайызы өсіпм кетіп, қарызы 84 млн-ға жетіп тұрғаны өкінішті", - дейді анасы Ләззат.

Сондай-ақ ол ұлының қаржылық мәселесін шешуге көмектесу үшін екі пәтерін сатуға мәжбүр болғанын жеткізді. Анасының сөзінше, баласының қаржылық талапшылдығының болмауы осындай жағдайға алып келген.