$ 485.34  564.45  6.53

«Қара нәсілді күйеу»: Мұхтар Жәкішевтің су жаңа құдалары Алматыға келді (ВИДЕО)

Кадрлардан шетелдік меймандардың Шымбұлаққа барып, ұлттық киіммен садақ атып, атқа мінгенін көруге болады.

Фото: instagram/@ene_obi
Фото: instagram/@ene_obi

Ұлыбританияның астанасы Лондонда қызын ұзатқан «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық компаниясының бұрынғы басшысы Мұхтар Жәкішев қара нәсілді құдаларын Алматыда күтіп алды. Кәсіпкердің 1999 жылғы қызы Алтынай Ұлыбритания астанасында некесін қиған еді. Қазақпен құда болған шетелдік құдағи Эне Оби өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында Алматыдағы сапарынан ерекше әсер алғанын жазып, тау бөктеріндегі демалысымен бөлісті, деп жазады Sn.kz ақпарат порталы. 

Кадрлардан шетелдік меймандардың Шымбұлаққа барып, ұлттық киіммен садақ атып, атқа мінгенін көруге болады. Олар таза ауада алтыбақан теуіп, қазақтың дәстүрлі келін түсіру жоралғысын да тамашалаған.

«Бүгін біз қазақ мәдениеті мен тарихын жақынырақ тану үшін тауға бардық, онда атқа мініп, садақ атып, дәстүрлі қазақ тойының көрінісін көрдік. Үйге оралған соң Алтынай маған арнайы массаж ұйымдастырып берді, Азия мен Африкадағы массаждың жөні бөлек қой, олар бойыңдағы барлық түйінді тауып, сергітіп тастайды», — деді Эне Оби.

Сондай-ақ ол жаңа құдаларының қонақжайлығына тәнті болғанын жасырмады.

«Саяхат әлемді көруге ғана емес, бұл ғажайып дүниеден көп нәрсені үйренуге де үлкен мүмкіндік береді, Алматыға келіп, құдаларымызбен танысқаныма өте ризамын», — деді ол.

Еске салайық, Мұхтар Жәкішев ұзақ жылға сотталып шыққан. Қара нәсілдінің етегінен ұстаған Алтынай кәсіпкердің бірінші әйелінен туған. Ол әкесі түрмеге түскенде, амалсыз шетелге кетуге мәжбүр болған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0