Блогер жаңа темір тұлпарды бес баласының несібесімен байланыстырған.
Танымал блогер Мөлдір Мұқанова әлеуметтік желіде қуанышты жаңалығын бөлісіп, жаңа көлік алғанын көрсетті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Блогер жаңа темір тұлпарды бес баласының несібесімен байланыстырған.
«Бір кездері өзіме модель-актер-актриса-стилист-көмекші-ақылшы – бәрін туып алғаныма әуелі Аллама, сосын өзіме ризамын! Осы 5 баламның бағы шығар, көлікті болдық. Құдай берем десе, 1-ақ күн жетеді екен», – деп жазды ол.
Сондай-ақ, көпбалалы ана енді балаларымен бірге жиі саяхаттауды жоспарлап отырғанын айтты.
«Енді улап-шулап, бесеуін салып алып, жақсы жерлерге барамыз! Көліктері біздің көрікті отбасымызға үйлесіп тұр, ә?! Қалай ойлайсыз? Құттықтауларын жаудырып, біз үшін қуанып жатқан әрбір жанға мың алғыс. Мен әр оқырманымды шын жақсы көремін. Баршаңызға жақсылық жұғысты болсын!» – деді Мөлдір Мұқанова.
Желі қолданушылары блогерді жаңа көлігімен құттықтап, отбасының амандығы мен берекесін тіледі.