$ 487.44  567.38  6.62

«Үш баласына алимент төлемейді»: Айдос Ербосынұлының экс-әйелі желіде шу шығарды (ВИДЕО)

Ол құзырлы органдардан тексеру жүргізуді сұрады.

Коллаж: SN.kz
Коллаж: SN.kz

Кәсіпқой боксшы Айдос Ербосынұлының бұрынғы жұбайы Нұрзат Ақжалбекова әлеуметтік желіде алимент мәселесіне қатысты жазба жариялап, құзырлы органдардан тексеру жүргізуді сұрады,  деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Оның айтуынша, қазіргі таңда үш баласына ай сайын 50 мың теңге көлемінде алимент төленеді. Ақжалбекова бұл соманың балалардың күнделікті қажеттіліктерін өтеуге жеткіліксіз екенін жеткізді.

"Менің бұрынғы жолдасым Айдос Ербосынұлы өзінің алиментін төлемей жатыр. Ол алиментті өтірік справкамен төлеп жатыр. Ол кеден бақылау қызметінде жқмыс істеймін деген анықтаман жасатып алған. Оны жасап берген "ИП ДАМИ" басшысы Кунев Марлен деген кісі. Айдос Ербосынұлы үш балаға айына бар болғаны 50 мың теңге төлеп отыр. Ол бұл жерде жұмыс жасамайды. Күнделікті желідегі парақшасынан келесі жекпе-жегіне дайындалып, жаттығуға барып жүргенін көре аласыздар. Ол қалай ғана мұндай жұмысты жасайды? Сондықтан Бас Прокуратадан осы мәліметті тексерулерін өтінемін", - деді ол. 

Сондай-ақ ол алимент мөлшері Айдос Ербосынұлының табысы туралы ұсынылған анықтама негізінде есептелгенін атап өтті. Алайда құжаттағы мәліметтердің шынайылығына күмән келтіретінін айтты.

Нұрзат Ақжалбекова құзырлы органдардан ұсынылған ақпараттың дұрыстығын жан-жақты тексеріп, заңбұзушылық анықталған жағдайда тиісті шара қолдануды сұраған.

Бұдан бөлек, ол кенже қызының жасы екіде болғандықтан, толыққанды жұмыс істеуге мүмкіндігі шектеулі екенін айтып, балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғауға көмектесуді өтінді.

Желі қолданушылары таңданыстарын жасырмай түрлі пікір қалдырды. 

"Осындай еркекті еркек деуге аузым бармайды", "Балаларын қаңғытып өзі жүр талтаңдап", "Өте ұят тірлік болыпты", - деп жазды оқырмандар. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0