07.06.2026, 09:30

«Балаларым, әйелім бар...»: Димаштың жауабы көпшілікті таңғалдырды (ВИДЕО)

Фото: Видеодан алынған кадр

Әншінің жауабы көпшілікті таңғалдырды.

Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген Instagram-дағы тікелей эфир кезінде жеке өміріне қатысты тараған қауесеттерге жауап берді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Өнер иесі досы әрі әріптесі Расул Усмановпен бірге өткізген эфир барысында оқырмандардың бірі оның «қызы» туралы сұрақ қойған. Әншінің жауабы көпшілікті таңғалдырды.

– «Не? Қызымның атын қалай қойғанымды сұрап тұрсыз ба? Егер менің қызымды білсеңіздер, маған да айтып жіберіңіздерші, өзіме де қызық, оның қайдан пайда болғаны», – деп әзілмен жауап берді Димаш.

Әншінің айтуынша, оған жеке өміріне қатысты түрлі қауесеттер жиі айтылады. Кейбір жанкүйерлер оның отбасы мен балалары бар деп ойласа, енді біреулері тіпті бірнеше әйелі бар деген пікір таратады.

– «Неге екенін білмеймін, адамдар менің балаларым, отбасым бар деп ойлайды. Кейбірі тіпті бірнеше әйелім бар дейді», – деді ол.

Димаш қазіргі уақытта үйленбегенін және уақытын негізінен шығармашылыққа арнайтынын айтты.

– «Күні бойы студияда жұмыс істеймін, концерттерге шығамын. Қазірдің өзінде студиядамыз, достар… Әзірге үйленген жоқпын», – деді әнші.

Сонымен қатар, ол болашақта отбасы құрған күннің өзінде жеке өмірін көпшілікке жария еткісі келмейтінін жеткізді. Оның пікірінше, «бақыт тыныштықты жақсы көреді».