08.06.2026, 09:20

«Өсектен көз ашпадық»: Гүлзира Айдарбекова құрбысының қазасы жайлы жазба жариялады (ВИДЕО)

Коллаж: Sn.kz

“Сүрінгенмен бүлінгенді сөз етпе".

Танымал продюсер Гүлзира Айдарбекова құрбысы Сәуле Базархан жайлы жазбасымен елді ойландырып қойды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Ол қоғамдағы хайп пен өсекті ашық сынады.

“@saule_bazarkhan Жанымызда жүрген қаншама қыздардың арасында  Саулешіміздің ерекше қасиеті, өсек айтып ешқашан біреуді жамандамайтын. Жай кетпеді, көп нәрсені ұғындырып, өмірдің тез біте салуы мүмкін екенін шегелеп тұрып түсіндіріп кеткендей халде жүрмін. Қарап отырсам, қазіргі уақытта қоғам болсын, адамдар арасында өсектен көз ашпайсың. Біреуді жамандау, өсектеу.Тұрсынбектің әйелі бүйтіпті, Баян былай депті, қыздары солай депті, анау Динара Сатжанға тиісіпті, Гүлзираның үш келінінің қайсы сұлу талдап жіберейік, әйтеуір өсектен көз ала алмай ютуб, инста бәрі тек бір-бірін тілдеп жатқан біреу. Өз қызын зорлапты, күйеуін пышақтап өлтіріпті, бала ұрлапты… Тіптен хайп жасап, подписчик жинау үшін де әйелдер қорланғандарын жариялап аянышты болып елді өзіне қарату. Не болмаса алаяқтықпен телефон арқылы ақша тонау, үй тонау, халықтың тіртінектеп тапқан ақшасын тонау.

—Тыныш заманда, тыныш өмір сүріп, әр адам адал еңбегімен, бақытты, ғұмырлы, абыройлы, берекетімен өмір сүретін баяғы замандағы үлкенге деген құрмет, ұятымыз, әдет-ғұрпымыз қайта оралса екен.

“Сүрінгенмен бүлінгенді сөз етпе,

Сенде тұрсың, менде тұрмын кезекте!”

Осы сөз жадыларыңыздан кетпесе екен”, - деп жазды ол.

 

Желі қолжанушылары Сәуле Базарханның өте жақсы жан болғанын жазып, көңіл айтты.