15.06.2026, 03:30

«Содан бері 25 жыл өтті»: Бағлан Әбдірайымов әнші Мақсат Базарбай туралы құпияны ашты

Фото: baglan_abdraimov_official парақшасынан

Сондай-ақ ол арада ширек ғасыр уақыт өтсе де, сол күндердің әсері әлі де ұмытылмағанын атап өтті.

Танымал әнші Бағлан Әбдірайымов әріптесі Мақсат Базарбайға арнап жылы лебізін білдіріп, оның шығармашылығы бала күнінен ерекше әсер қалдырғанын айтты, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Өнер иесі әлеуметтік желідегі жазбасында Мақсат Базарбайдың әндерін алғаш рет бала кезінде тыңдағанын еске алды.

«2000–2001 жылдары бала күнімде Түлкібас ауданындағы Тұрар Рысқұлов мәдениет үйіне “Бауыржан шоу” ұжымымен бірге келіп, сахнада домбырамен “Сыған серенадасы” мен “Алқалы жұртым” әндерін орындағаны әлі күнге дейін есімде. Сол сәттер бала жүрегіме өшпестей із қалдырған. Кейін “МұзАРТ” тобымен шырқаған әндерін тыңдап өстік. Даусындағы әсемдік пен орындау шеберлігіне тәнті болып, партияларын айнытпай салуға тырысқан кездеріміз де болды. Бір сөзбен айтқанда, еліктеп өскен әншілеріміздің бірі», – деп жазды Бағлан Әбдірайымов.

Сондай-ақ ол арада ширек ғасыр уақыт өтсе де, сол күндердің әсері әлі де ұмытылмағанын атап өтті.

«Міне, арада 25 жылдай уақыт өтсе де, сол күндер кешегідей әсер береді. Маке, қартаймаңыз! Жібек үніңіз елдің жүрегінен орын таба берсін. Сахналық ғұмырыңыз ұзақ та баянды болсын! Халықтың ықыласы мен құрметіне бөлене беріңіз!» – деді әнші.

Желі қолданушылары да Бағлан Әбдірайымовтың жазбасына қолдау білдіріп, Мақсат Базарбайдың қазақ эстрадасындағы орны ерекше екенін атап өтті.