15.06.2026, 10:20

Димаш Құдайберген оқушыларға лагерьге жолдама сыйлады (ВИДЕО)

Фото: @dimash_news

Ол жоба авторларына ризашылығын білдіріп, бес оқушыға лагерьге жолдама сыйлады.

Димаш Құдайберген өз портретін LEGO-дан құрастырған оқушылармен кездесті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Димаш Құдайберген шығармашылық іссапармен Ақтөбеге барып, өзіне арналған ауқымды LEGO-портретті жасаған оқушылармен кездесті. 

Ол жоба авторларына ризашылығын білдіріп, бес оқушыға лагерьге жолдама сыйлады.

Айта кетейік, Димаш Құдайберген Ақтөбеге сапары барысында өзі білім алған №32 гимназия мен Ахмет Жұбанов атындағы Ақтөбе музыкалық колледжінде де болды.