$ 489.33  566.3  6.74

«Сұрап жатқандар көп»: Дана Нұржігіт Наташа Қалымбетова туралы жазды

Сондай-ақ ол құқық қорғау органдарының аталған іс бойынша жұмыс жүргізіп жатқанын атап өтті.

Коллаж: sn.kz
Коллаж: sn.kz

Тележүргізуші Дана Нұржігіт әлеуметтік желідегі парақшасында зорлық көргенін айтып, қоғамда үлкен резонанс тудырған Наташа Қалымбетоваға қатысты пікір білдірді.

Журналистің айтуынша, соңғы күндері Наташа Қалымбетованың тағдырына алаңдап, оған қатысты түрлі сұрақ қойып жатқан адамдар көп.

«Наташаның тағдырына алаңдап жазып жатқандар көп. Бәріңізге жауап беріп үлгеру мүмкін емес. Сондықтан айтарым: Наташамен байланыстамыз», – деп жазды Дана Нұржіт.

Сондай-ақ ол құқық қорғау органдарының аталған іс бойынша жұмыс жүргізіп жатқанын атап өтті.

«Полиция өз жұмысын істеп жатыр. Артық ақпарат таратуға болмайды», – деді тележүргізуші.

Еске салайық, бұған дейін Наташа Қалымбетова осыдан 32 жыл бұрын бірнеше азаматтың тарапынан зорлық көргенін мәлімдеп, бұл оқиға бойынша қылмыстық істің қайта қарала бастағанын айтқан еді. Оның айтуынша, жарияланған жазбасынан кейін құқық қорғау органдары хабарласып, тергеу шараларын бастаған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0