Видеода қыздар шұжық (қазы) дайындаған процесстерін көрсеткен.
Белгілі әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың қызы Әдемі жариялаған бейнежазба әлеуметтік желі қолданушыларының жылы ықыласына ие болды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. Видеода қыздар шұжық (қазы) дайындаған процесстерін көрсеткен.
Үшеуі бір-біріне көмектесіп, қалжыңдасып жүріп атқарғанын көруге болады. Желі қолданушылары олардың еңбексүйгіштігі мен ұйымшылдығын атап өтіп, түрлі жағымды пікірлер қалдырды.
"Міне, тәрбие деген осындай болады", "Осындай берекелі отбасын қалай қиып тастап кетті екен", "Мына тірлікті қыздар түгілі қатындар жасамайды ғой. Жарайсыңдар!", "Қолдарынан келмейтіні жоқ. Нағыз келін болатын қыздар", "Жұмыстан қашпайды", "Шет-шетінен тәрбиелі, пысық қыздар", "Мамалары бәрін үйреткен екен", "Мөлдірдің қыздары өзі сияқты пысық", "Қолдары икемді", "Қарап көз тоймайды ғой шіркін", - деп жазды оқырмандар.