16.06.2026, 14:40

«Сахнада киесің»: Бибігүл Төлегенова Толқын Забироваға құнды әшекейлерін сыйлады (ВИДЕО)

Коллаж: Sn.kz

Бағалы тартуды қазақ өнерінің аңызы, Бибігүл Төлегенова өз қолымен табыстаған.

Эстрада және опера әншісі Толқын Забирова ерекше сыйлыққа ие болды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Бағалы тартуды қазақ өнерінің аңызы, Бибігүл Төлегенова өз қолымен табыстаған.

Өнер майталманы шәкіртіне өзінің жеке әшекей бұйымдарын сыйлап, «Сахнада киесін» деген ақ тілегін жеткізген.

Кадрлар әлеуметтік желіде қызу талқыланып, көпшілік ұстаз бен шәкірт арасындағы сыйластыққа тәнті болды.

«Керемет құрмет», «Ұстаз бен шәкірттің арасындағы ерекше сыйластық» деген пікірлер жазылуда.