Түсірілімге әншінің 12 800 жанкүйері қатысып, олар Димашпен бірге халық әні «Ақеркені» орындады.
Әлемге танымал қазақстандық әнші Димаш Құдайберген Ақтөбедегі Орталық стадионда жаңа бейнебаянын түсіріп жатыр, деп хабарлайды Kazinform.
Түсірілімге әншінің 12 800 жанкүйері қатысып, олар Димашпен бірге халық әні «Ақеркені» орындады.
Өнер иесі жиналған жастарға алғысын білдіріп, туған жеріне оралғанына қуанышты екенін жеткізді.
– Жастардың көп жиналғанын көріп тұрмын. Баршаңызды көргеніме қуаныштымын. Осы сәтті асыға күттім. Сіздер әрдайым менің жүрегімдесіздер. Туған жеріме келіп, өздеріңізді көргеніме қуаныштымын. Сағынып қалыппын. Ақтөбем мен Қазақстаным үшін әлемге көрсетуге ұялмайтын бейнебаян шығады деп үміттенемін, – деді Димаш Құдайберген.
Әншінің айтуынша, жаңа бейнебаян туған өлкесі Ақтөбе мен Қазақстанды әлемге танытуға бағытталған.