Оның сөзінше, студенттер ақша тауып қана қоймай, толық тұлға болып қалыптасуды үйренген.
Айгүл Иманбаева өзінің шәкірттерінен көрген қорлығын айтты. Әнші, актриса басынан өткен қиын кезеңдерді журналист Аман Тасығанға айтып, жағдайын жасап берген шәкірттерінің сатқындық әрекеттерін елмен бөлісті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Оның сөзінше, студенттер ақша тауып қана қоймай, толық тұлға болып қалыптасуды үйренген.
«Біреуінің көзі мүлдем көрмейді, операция жасатып, әке—шешесі жасамаған жақсылықты жасадым. Біреуінің тісін жөндеттім. Оларға коттедж жалдап бердім. Ақшасын мен төледім. Айлығы ол бар, мемлекеттік жобалардан түсетін ақша ол бар, оларға универдегі оқудан бөлек, тұлғалық жайлы, өнер жайлы тағы тегін сабақ үйреттім. Ең қиыны және жаманы осыншама уақыт пен ақшаңды, энергияңды шығындағанда, адамдар оп оңай сатып кете береді екен», — деді Айгүл Иманбаева.
Ол 19 жыл сахнада жүріп, Шабыт театрынан 200 мың теңге айлық алса, кеше ғана университет бітіріп келген шәкірттері өзінен жоғары жалақы алғанын айтты. Актриса, өзі сенген, жаныңда жүріп, уақытыңды бөлген адамыңның сатқындығы ауыр тигенін айтты.
«Анель деген қыздың толық жағдайын жасадым. Ол бір күні, "бізді сегіз жыл пайдаландыңыз" деді де кетіп қалды. Мен оны оқыттым, магистратурасын компаниямның есебінен төледім, емдеттім ақша беріп тұрдым. Ол кетті де қалды. Былтыр ұжымды жинап, бәріне айттым біразын босаттым жұмыстан. Ең соңында мен монстр, мен жаман, сорақы, елді құлдықта ұстаған адам секілді болдым да қалдым. Достарым да, шәкірттерім де, жақын таныстарым да сатып кетті. Ең жаманы, сенген, жақын жаныңдағы адамдардан келеді екен сатқындық. Адамға өте ауыр тиетіні де жүрегіңе жақын адамдардың тастап, теріс айналуы екен. Мен осындай сатқындықты көріп, әбден қиналдым», — деді актриса.