Қара топырағы жап-жасыл гүлмен қапталыпты
Белгілі әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың тоқалы делінген Айман есімді келіншек туған жері Қызылордаға барып марқұм әжесінің басына құран бағыштады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
«Қызылордаға келудегі мақсатым - әжемнің басына барып құран оқу еді. Қара топырағы жап-жасыл гүлмен қапталыпты. Алладан Фирдаус жәннәтін сұрадым. Бейіт басына келсем Ақ әжемнің иісі мұрныма келеді. Қазір кешкі рейспен Астанаға қайта қайтамын», деп жазды ол.
Сондай-ақ, желі қолданушылары марқұм әжейдің қандай кісі болғанын айтып, жарыса жазып жатыр.
«Апамның жаны жәннәттің төрінен болсын! Апамыз біздің емшіміз еді ғой, кішкене ауырсақ жетіп баратынбыз. Сондай керемет кісі еді», деп жазды көпшілік.
«Менің әжем ауылдың тәуіп Хо Жуны еді. Түкірігі ем еді ғой», деп жазды Айман.