$ 487.17  565.65  6.72

«Әртістер-ай»: Гүлзира Айдарбекова мұқтаж жанға пәтер беремін деп сынға қалды (ВИДЕО)

Ойбу, не деген әртістер!

Фото: ozgeris.info
Фото: ozgeris.info

"Харекет халық қоры" өзінің кезекті пәтерін мұқтаж жанға ерекше түрде берді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Бұл жолы пәтерді танымал продюсер Гүлзира Айдарбекова табыстады. 

"Ақат апаның жылдар бойы үзілмеген үміті ақталып, арманы орындалды. Сынақтарға сынбай келе жатқан бұл отбасында бүгін жаңа қоныс! Осы қуанышқа себепкер болған барша қазақ еліне алғысымыз шексіз!", - деп жазды "Харекет қоры". 

Ақат есімді апа танымал әншінің анасын көріп, көз жасын жасыра алмады. Осы тұста желі қолданушылары түрлі пікір қалдырды. 

"Әдейі түсіргені білініп тұр", "Ойбу, не деген әртістер", "Кино болып кетті", "Актерлар-ай, бірақ бәрі күшті болды", деді. 

Ал кей бөлігі көздеріне жас алғанын айтып, осындай қайырымды істің көп болуына тілектестік білдірген. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0