Жазба желі қолданушылары арасында түрлі пікір туғызды.
Тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы әлеуметтік желідегі Threads парақшасында көрші елде білім алып жүрген құрбысының қызына алаңдайтынын айтып, жазба жариялады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
«Құрбымның қызы көрші елде ЖОО оқиды. Қазір емтихан тапсыруда екен, 2 аптадан кейін қайту керек деп отыр. Таңертеңнен бері хабар ала алмай, уайымдап кетті», – деп жазды ол.
Жазба желі қолданушылары арасында түрлі пікір туғызды. Кейбірі тележүргізушінің алаңдаушылығын түсіністікпен қабылдаса, енді бірі мұндай жеке уайымды әлеуметтік желіде жариялаудың қажеті жоқ екенін айтты.
Пікір қалдырған оқырмандардың бірі: «Оны не үшін жазып отырсыз?» деп сұраса, Ләйлә Сұлтанқызы оған: «Бейбіт өмірімізді қадірлейік деген түпкі ниетім ғана, түсінікті емес пе?» деп жауап берді.
Тағы бір желі қолданушысы: «Медиа адамы болған соң, көпшілікке ұсынатын контенттің де салмағы болғаны дұрыс. Мұндай жеке уайымдарды жақындарыңызбен бөліскен дұрыс шығар. Оқырманға қандай пайдасы бар екенін түсінбедім», – деп пікір білдірді.
Ал кейбір оқырмандар тележүргізушіге қолдау көрсетіп, «Бізден не көмек, дұғада болайық», «Көрші ел Өзбекстан болса, мүмкін сізге көмектесе алармын» деген ізгі тілектерін жеткізген.