Желі қолданушылардың бірі бұл пікірмен келіссе, енді бірі жоққа шығарды.
Танымал әнші Ғазизхан Шекербековтің Нұрсейіт Жылқышыбайға берген сұхбаты тарады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Өнер иесі Қайрат Нұртастың еңбегін жоққа шығарған.
"Қайрат Нұртас болмаса да мен Ғазизхан болатын едім. Мен 2012 жылы Алматыға келдім. Егер мен сол келген жылы бөлек студияға келіп, өзіммен-өзім ән жазып, Қайраттың қасына қосылып сахнаға шығып кеткен болсам, мен бұл жерде отырмас па едім. Мен өзімнің болмысымды баяғыда жоғалтып алатын едім. Бұны мен жоққа шығарамын", - деді ол.
Желі қолданушылардың бірі бұл пікірмен келіссе, енді бірі жоққа шығарды.
"Қайраттың еңбегі бар ғой", "Әркім өз еңбегімен көтерілген", "Тәкәппарлықты қою керек", "Ғазизхан талантты, еңбекқор жігіт", "Қайрат арқлы таныдық қой", "Адамның жақсылығын ұмытпау керек", - деп жазды оқырмандар.