$ 486.19  554.26  6.51

«Жаман болдым»: Танымал актер Асанәлі Әшімовке жасаған қиянаты туралы айтты

Кейін өзінен кешірім сұрадым.

Фото: коллаж Sn.kz
Фото: коллаж Sn.kz

Белгілі театр және кино актері Бауыржан Қаптағай шығармашылық жолында өзіне үлкен сабақ болған оқиғалардың бірі туралы ашық айтты, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Өнер иесі қазақ сахнасының абызы, ұстазы Асанәлі Әшімовке қатысты кезінде қателік жібергенін мойындады. Оның сөзінше, бір кезде көптің ықпалымен Әшімовке қарсы жазылған құжатқа қол қойған. Кейін бұл әрекетіне өкініп, ұстазынан жеке өзі кешірім сұраған.

"Байқамай, елге ілесіп, Асанәлі Әшімовтің артынан қол қойып жібергенім бар. Кейін өзінен кешірім сұрадым. Өйткені ол кісі менің ұстазым болды. Бізде Әзірбайжан Мәмбетовтің үстінен де, Тұңғышбайдың үстінен де арыз жазылды. Жаман болдым өзім", – деді Бауыржан Қаптағай.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0